Калифорния жағалауында кеме суға батып кетті, 34 жолаушының тағдыры белгісіз

0
758

Бұл туралы дүйсенбі күні CNN телекомпаниясы Санта-Барбара округі полициясының басшысы Билл Браунға сілтеме жасап хабарлады.


Калифорния жағалауында кеме суға батып кетті, 34 жолаушының тағдыры белгісіз

ERNUR.KZ. Калифорния штатына қарайтын Санта-Крус аралының солтүстік жағалауында Conception серуендеу кемесі суға батқан жерден тағы төрт адамның денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта сегіз адамның мәйіті табылған.

Бұдан бұрын АҚШ Жағалау күзеті төрт адамның – екі ер адамның және екі әйелдің денесі табылғанын мәлімдеген болатын.

Америкалық БАҚ ондаған адамның опат болғаны жайлы хабарлауда.

Бортында 34 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған кеме Санта-Крус аралынан небәрі 20 метрдей жерде өртеніп, суға батып кеткен. Жоғары палубада болған экипаждың бес мүшесі суға секіріп үлгерген. Оларды сол маңда өтіп бара жатқан өзге кеме шығарып алған. Ал 34 жолаушы палубаның астында орналасқан көрінеді.