Калифорнияның оңтүстігінде қуаңшылық күшейіп, суды пайдалану шектелді

0
502

Суды үнемдеу үшін кей шаһарда орталық су құбырларына арнайы қондырғылар орнатыла бастады.


Калифорнияның оңтүстігінде қуаңшылық күшейіп, суды пайдалану шектелді

ERNUR.KZ. Осы айдың бас кезінде енгізілген тәртіпке сай Оңтүстік Калифорнияның 6 миллион тұрғыны көгалдар мен бақтарын аптасына 1 рет қана суаруы тиіс, деп жазады «Хабар 24».

Суды үнемдеу үшін кей шаһарда орталық су құбырларына арнайы қондырғылар орнатыла бастады. Ол тұрғындардың суды пайдалануын қадағалап, реттеуге көмектеседі. Ал аймақта қуаңшылыққа биыл қардың аз жауып, өңірдегі табиғи су қорларының азаюы түрткі болған.

Дэвид Педерсен, Лас-Виргенес округі су басқармасының бас директоры:

– Біздің ауданда пайдаланатын судың 70 проценті тұрғындардың бау-бақшаны суаруына кетеді. Сондықтан құбырларға бітегіш орнатқан соң суды пайдалану минутына 113 литрден 4,5 литрге дейін түседі. Бұл тамақ дайындап, жуынып, кір жууға жеткілікті. Бірақ бақшаларды суғаруға жетпеуі мүмкін.