Канадада қару сатуға тыйым салынды

0
558

Қаруды импорттауға да тыйым салынып отыр.


Канадада қару сатуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Канадада қару сатылмайды. Жергілікті билік осылайша елдегі қылмыс санын азайтып, қауіпсіздікті күшейтпек, деп жазады BAQ.KZ.

Қаруды импорттауға да тыйым салынып отыр. Бұған дейін тапанша сатуға шектеу қойылған. Осыдан екі жыл бұрын жаппай атыс болып, 22 адам қаза болған еді. Сол кезде мың жарымнан астам қару тәркіленген болатын.

“Мамыр айында тапаншаны сатуға мораторий енгізу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Енді бүгіннен бастап елімізде мылтық сатуға және қаруды басқа біреуге беруге тыйым салынды, - деді Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо.