Канадалық компания жұмыс уақытында серуендейтін қызметкерлеріне ақы төлейді

0
534

Бұл тәжірибе әсіресе пандемия кезінде, яғни адам денсаулығы бірінші орынға шыққанда өте пайдалы.


Канадалық компания жұмыс уақытында серуендейтін қызметкерлеріне ақы төлейді

ERNUR.KZ. Канаданың қыстық киімдер тігетін Canada Goose компаниясы қызметкерлеріне аптасына бір рет бір сағат таза ауада серуендеп, жаттығу жасауға мүмкіндік береді. Бұл уақыт төленеді, деп хабарлайды Хабар24.


«Таза ауада өткізілген уақыт адамның психикалық денсаулығына, қан қысымының қалпына келуіне, күйзелістен арылып, көңіл-күйдің жақсаруына әсер ететіні ғылыми дәлелденген», - дейді ұйымның маркетинг жөніндегі директоры Пенни Брук.


Бруктің сөзінше, бұл тәжірибе әсіресе пандемия кезінде, яғни адам денсаулығы бірінші орынға шыққанда өте пайдалы.

Ол компания қызметкерінің серуендеуге жұмсаған бір сағат уақыты жұмыс уақыты секілді есептелетінін айтты.