Қара теңізде 15 мың қой тиелген кеме аударылды

0
962

Хайуандарды құтқару жұмыстарына полицейлер, өрт сөндірушілер мен елдің әскери-теңіз флоты жұмылдырылған.


Қара теңізде 15 мың қой тиелген кеме аударылды

ERNUR.KZ. Румынияда 15 мың қойды тасымалдамақшы болған жүк кемесі апатқа ұшырады, деп жэазады inbusiness.kz.

Хайуандарды құтқару жұмыстарына полицейлер, өрт сөндірушілер мен елдің әскери-теңіз флоты жұмылдырылған. Соңғы мәліметке сүйенсек, 32 Қамбар ата түлігін судан шығарылыпты. Queen Hind деп аталатын кеме жексенбі күні Румыниядағы Мидия портынан алшақтағаннан кейін, апатқа ұшыраған. Бұл порт Қара теңіз жағалауында орналасқан.

Әзірге апаттың неден болғаны және кеменің қай компанияға тиесілі екені белгісіз. Белгілісі, бортта болған 20 экипаж мүшесінің барлығы құтқарылды. Ресми дерек бойынша, оның 19-ы –сириялық, ал біреуі – Ливан азаматы.