Карантин: Малайзия дүкендеріндегі тауарларды саңырауқұлақтар «жеп қойды»

0
754

Малайзияның тропикалық климаты өте ылғалды.


Карантин: Малайзия дүкендеріндегі тауарларды саңырауқұлақтар «жеп қойды»

ERNUR.KZ. Малайзиядағы сауда орталықтарында екі ай карантин кезінде сатылымға арналған былғарыдан жасалған аяқ киімдерді, сөмкелер мен басқа да өнімдерді саңырауқұлақтар жауып тастаған, деп хабарлайды Хабар24.


Сондай-ақ орындықтар, еден мен қабырғалар бүлінген.


Малайзияның тропикалық климаты өте ылғалды. Бірақ қалыпты уақытта бөлмені желдету және адамдардың үнемі жүруі саңырауқұлақтың таралуына жол бермейді. Алайда карантин кезінде саңырауқұлақтар кейбір орындарды тез басып алған.



Сауда орталықтары ашылғаннан кейін олардың әкімшілігі шығындарды есептеп, бүлінген өнімдерді жойып қана қоймай, сонымен қатар саңырауқұлақтардан залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болады.






Айта кетсек, Малайзия билігі елдегі кейбір шектеу шараларын 9 маусымға дейін ұзартты.