​Қараша айында үш газет жабылды

0
1 377

Басылымдардың көбі интернет-форматқа көшті. Газет оқымайтын болған.


​Қараша айында үш газет жабылды

ERNUR.KZ. Қараша айында Қырғызстанда "Фабула", "Тамчы" және "Алло, реклама" газеттері жабылды. Бұл туралы "БАҚ-ты қолдау орталығы" типографиясының бөлім меңгерушісі Бакыт Дыйканов хабарлады.

"Басылымдардың көбі интернет-форматқа көшті. Газет оқымайтын болған. Екі-үш жылда газет тиражы 30-35 пайызға азайды", - деп түсіндірді ол.

"БАҚ-ты қолдау орталығы" типографиясында барлығы 130 газет басылады. Олардың ең ірісі 70-80 мың тиражбен тарайды, кейбір газеттер мың тиражбен де басылады.

"Фабула" газетінің бас редакторы Тилек Рыскулов басылым қаржы тапшылығынан жабылғанын хабарлады. Оның айтуынша, редакция жұмысы Интернет форматына көшірілген. Кейбір мәліметтер бойынша, бұл газет парламент депутаты Рыскелди Момбековке тиесілі.