Каспий жағалауында қырылған итбалық саны өсті

0
551

Гапизовтың сөзінше, қырылған жануарлардың саны едәуір көп болуы мүмкін.


Каспий жағалауында қырылған итбалық саны өсті

ERNUR.KZ. Дағыстандағы Каспий теңізі жағалауында қырылған итбалық саны 1,7 мыңға жетті, - деп жазады kaz.tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, Каспий табиғатты қорғау орталығының бас директоры Заур Гапизов итбалықтар шамамен екі апта бұрын қырылған деп болжап отыр. Зорлық-зомбылық жасалған белгілер, балық аулау торларының қалдықтары табылмаған.

Гапизовтың сөзінше, қырылған жануарлардың саны едәуір көп болуы мүмкін. Өйткені жағалауды табиғатты қорғау департаменттерінің қызметкерлері зерттеп жатыр. Итбалықтардың қырылуының себептерін егжей-тегжейлі талдау және анықтау үшін қажет сынамалар жиналған.

Дағыстан табиғат министрлігі өкілдері бұған дейін аймақтағы итбалықтардың қырылуының негізгі себебі табиғи факторлар болғанын айтқан болатын.

Айта кетейік, Дағыстанда Каспий теңізі жағалауында 650-700-ге жуық өлі итбалықтар табылғаны туралы ақпарат 3 желтоқсанда белгілі болды. Жануарлар Махачкаланың Киров ауданында байқалған.