Қазақстан азаматы Шешенстанға "гашиш" алып барған

0
1 284

​Шешенстан Республикасының прокуратурасы РФ ҚК 229-бабы 1-тармағымен «РФ шекарасынан есірткіні заңсыз алып өтті» деп айыпталған Роза А. есімді қазақстандық азаматшаға қатысты істі Грозный қаласындағы Ленин аудандық сотына​ жолдады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ «Чечня сегодня» басылымына сілтеме жасап.


Қазақстан азаматы Шешенстанға

Шешенстан Республикасының прокуратурасы РФ ҚК 229-бабы 1-тармағымен «РФ шекарасынан есірткіні заңсыз алып өтті» деп айыпталған Роза А. есімді қазақстандық азаматшаға қатысты істі Грозный қаласындағы Ленин аудандық сотына жолдады-деп хабарлайды ERNUR.KZ «Чечня сегодня» басылымына сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғаны: азаматша А. ҚР Жамбыл облысы Шу қаласынан жеке тұтыну мақсатында салмағы 1,22 грамм «гашиш» есірткі затын сатып алып, Бішкек қаласындағы «Манас» әуежайына келеді. Сол жерден «Бішкек-Грозный» бағытындағы әуе траспортымен Шешенстан Республикасына ұшып шыққан.

Осылайша, азаматша А. ЕАЭО-қа мүше Қырғызстан арқылы Ресей Федерациясының шекарасынан өзінде есірткі затын жасырып, алып өткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Роза А. есімді азаматшаны Грозный қаласында полиция қызметкерлері ұтады. Денесіне жасырған есірткі заты табылып, тәркіленді.

РФ заңы бойынша аталған қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.