​Қазақстандық жас бишілер Италиядан жеңіспен оралды

0
1 314

Құрылғанына бар жоғы бір-ақ жыл болған ансамбльде дарынды бишілер өте көп.


​Қазақстандық жас бишілер Италиядан жеңіспен оралды

ERNUR.KZ. Италияның Сан-Марино қаласындағы киелі сахнада өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алған балалар ансамблі елге оралды, деп жазады 24.kz.

Алматылық «Адат» ансамблі жақында ғана Шекспир шығармасындағы Ромео мен Джулетаның отанына сапар шегіп, өнер әлемінің биігінен көрінді. Верона қаласында өткен халықаралық фестивальде жас бишілеріміз Кавкасиури, тау халқының биі, Даймохк және шешендердің мерекелік биін орындаған.

Құрылғанына бар жоғы бір-ақ жыл болған ансамбльде дарынды бишілер өте көп. Алды 16 жаста болса, ең кішісісі 4 жаста. Жетекшілердің мақсаты – әр баланың қабілетін ашып, би өнеріне деген құлшынысын арттыру. Осы өнер арқылы елді құрметтеуді, сал-дәстүрді ұмытпауға үйрету.

– Балалар фестивальге бар ынтасымен дайындалды. 4-5 сағаттық жаттығулар жасап, жас болса да жауапкершілікті сезінді. Қандай да бір қателіктер жасап қойса, көңілдері босап, екінші қайталамауға тырысты. Әрине, менің шәкірттерім сенімді ақтады. Мен оларды мақтан тұтамын, - «Адат» би ансамбілінің көркемдік жетекшісі Ислам Сагов.

Италиялықтарды таңдай қақтырып, Қазақстанның туын көкте желбіреткен жас бишілер қыркүйекте Тула қаласына шақырту алыпты. Ал келесі жылы жазда Францияда өтетін өнерлі жасөспірімдер арасындағы халықаралық фестивальге қатыспақ.