Келісім мерзімі бітті: Израиль ХАМАС-қа қарсы соғысты қайта бастады

0
472

ЦАХАЛ әлеуметтік желідегі қысқаша мәлімдемесінде ХАМАС бітім шартын бұзды деп айыптады.


Келісім мерзімі бітті: Израиль ХАМАС-қа қарсы соғысты қайта бастады

ERNUR.KZ. Газа секторындағы бітім мерзімі аяқталды. Израиль армиясы Газа секторындағы соғыс қимылдарын қайта бастайтынын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Израиль армиясы Газа секторындағы әскери қимылдардың қайта басталатынын ресми хабарлады.

ЦАХАЛ әлеуметтік желідегі қысқаша мәлімдемесінде ХАМАС бітім шартын бұзды деп айыптады.

«Израиль қорғаныс күштері ХАМАС лаңкестік ұйымына қарсы соғыс қимылдарын қайта бастады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Газадағы атысты тоқтату туралы келісім 24 қараша күні таңертең күшіне енді. Сейсенбі күні ХАМАС пен Израиль тұтқындардың бесінші тобымен алмасты. Кеше барлық әйел мен бала босатылған жағдайда Израиль соғыс қимылдарын тоқтату мерзімін ұзартатыны хабарланған болатын.