Хат жазып қалдырған: Екі бауыр бүкіл отбасын қырып салды

0
2 092

Отбасы АҚШ-қа Бангладештен көшіп келген.


Хат жазып қалдырған: Екі бауыр бүкіл отбасын қырып салды

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Техас штатына қарасты Аллен қаласында бір отбасының алты мүшесінің мүрделері табылды, деп хабарлайды Хабар24.

Ерлі-зайыпты, олардың үш ересек баласы және әжесінің денесі өз үйлерінен табылған.

Бұл туралы қаланың құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып Fox News хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, екі бауыр туыстарын өлтіріп, сосын өз-өздеріне қол жұмсаған. Жігіттердің бірі хат жазып қалдырғаны айтылған, бірақ онда не жазылғаны жария етілген жоқ.

Телеарна мәліметінше, олар Бангладештен келген.