Киев қақтығыс аймағына өзінің соңғы резервін жұмылдырып жатыр – РФ қорғаныс министрі

0
1 322

Сонымен қатар Сергей Шойгу Ресейдің әскери оқу-жаттығу ұшақтарының паркі жаңартылатынын айтты.


Киев қақтығыс аймағына өзінің соңғы резервін жұмылдырып жатыр – РФ қорғаныс министрі

ERNUR.KZ. Киев өзінің қалған резервтерін қақтығыс аймағына жұмылдырып жатыр, деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу. Сонымен қатар Сергей Шойгу Ресейдің әскери оқу-жаттығу ұшақтарының паркі жаңартылатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Қорғаныстың күйреуіне жол бермеу үшін Украина билігі қалған резервтерді ұрысқа салып, кезекті мәжбүрлі мобилизациялауды асығыс жүргізуде", - деді Шойгу Ресей Қарулы күштері басшылығымен өткен селекторлық кеңесте.
Сонымен қатар Сергей Шойгу Ресейдің әскери оқу-жаттығу ұшақтарының паркі жаңартылатынын айтты.
"Ұшқыштардың заманауи авиациялық жүйелерді меңгеруі және тиімді пайдалануы үшін жоғары оқу орындарында сапалы бастапқы дайындық қажет. Осы мақсатта қорғаныс министрлігі әскери-ғарыш күштерінің ұшуға дайындайтын оқу орындарының материалдық базасын кеңейтіп, курсанттар санын көбейтуде. Өнеркәсіптік кәсіпорындар оқу-жаттығу авиациясы паркін жаңарту үшін ұшақтардың келешегі зор үлгілерін жасауда", - деді Шойгу.