Коронавирус: Бразилияда бір күнде қайтыс болғандар саны 3000-нан асты

0
507

Бұл әлем елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш.


Коронавирус: Бразилияда бір күнде қайтыс болғандар саны 3000-нан асты

ERNUR.KZ. Бразилияда бір тәулікте 3 мыңнан астам адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп жазады baq.kz.

Бұл әлем елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш. Аймақта ауруға шалдыққандардың қатары күн өткен сайын артып барады. Пандемия басталғалы елде 369 мыңға жуық адам коронавирустан көз жұмды.

Мамандар соңғы кездері вирусты 35 пен 50 жас аралығындағы тұрғындар жұқтырып жатқанын айтады. Бүгінде ауруханалардағы жансақтау бөлімдері науқастарға лық толы. Дәрігерлер «медицина мекемелерінде дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтар тапшы» дейді. Ал жергілікті билік халықты барынша сақтануға шақырып отыр.