Коронавирусқа қарсы вакцина алған ер адам 10 минуттан кейін қайтыс болды

0
505

Оқиға Иорданияда болған.


Коронавирусқа қарсы вакцина алған ер адам 10 минуттан кейін қайтыс болды

ERNUR.KZ. Иорданияда 66 жастағы ер адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін қайтыс болды деп жазады РИА Новости. Оған AstraZeneca екпесі егілген. Марқұм алдымен есін жоғалтып, 10 минут ішінде жан тапсырған, деп жазады sn.kz.

Денсаулық сақтау министрі Фирас әл-Хаваридің мәлімдеуінше, ер адам созылмалы аурумен ауырған. Алайда, екпенің бірінші дозасын алғанда оның денсаулығы мүлдем сыр бермеген екен. Қазір марқұмның өлімінің себебі анықталып жатыр деді министр. Алғашқы екпесін ол 4 сәуірде алған.

Пандемия басталғалы бері Иорданияда 749 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 9,7 мыңы қайтыс болыпты.