Кремльге дрондармен шабуыл жасалды

0
415

Шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ.


 Кремльге дрондармен шабуыл жасалды

ERNUR.KZ. Путиннің Кремль резиденциясына соққы жасамақ болған ұшқышсыз аппараттар істен шығарылды, деп жазады sputnik.kz.

"Екі ұшқышсыз ұшатын аппарат Кремльге шабуылдады. Әскерилер мен арнайы қызметтердің дер кезінде қабылдаған шараларының нәтижесінде радиолокациялық күрес жүйелері арқылы аппараттар істен шығарылды", - деп мәлімдеді Путин әкімшілігі.
Ведомствоның мәліметінше, шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ. Ресей президентінің жұмыс кестесі өзгермеген.
Ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасаған кезде Путин Кремльде болмаған. Ол Мәскеу түбіндегі Ново-Огаревтегі резиденциясында болды, деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Оның айтуынша, 9 мамырда Қызыл алаңда парад өткізу жоспары өзгермеген.