Қылмыскердің ұлтын көрсеткен БАҚ-ты жазалау ұсынылды

0
714

Министр нақты бір адамдар жасаған қылмыс үшін тұтас ұлтты атаудың дұрыс еместігін алға тартады.


Қылмыскердің ұлтын көрсеткен БАҚ-ты жазалау ұсынылды

ERNUR.KZ. Мұндай ұсынысты Дағыстанның министрі көтерді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дағыстанның ұлттық саясат және дін істері министрі Энрик Муслимовтің айтуынша, өз материалында қылмыскердің ұлтын көрсеткен ақпарат құралы заң алдында жауап беруі тиіс. Министрдің мұндай ойға келуіне Мәскеу метросындағы оқиға себеп болған.

Бұған дейін ақпарат құралдарында Мәскеу метросында Солтүстік Кавказ республикасында туып-өскен үш адамның жас жігітті соққыға жыққаны туралы жазылған болатын. Муслимов нақты бір адамдар жасаған қылмыс үшін тұтас ұлтты атаудың дұрыс еместігін алға тартады.
«Қылмысты қандай да бір өңірдің бір ұлт өкілі жасады деу дұрыс емес. Кез келген заңға қайшы әрекетке барған адам қылмыскер, ал қылмыскердің ұлты болмайды», - дейді Энрик Муслимов.