Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындарды жазалау ұсынылды

0
748

омитет мүшелері заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындарды жазалау ұсынылды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда ата-анасын қарттар үйіне тапсыратындарды жазалау ұсынылды. Ұсынылған ереже бойынша қарттар үйіне қариялар түскен бойда іс сотқа жіберіледі, деп жазады stan.kz.

Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов еңбекке қабілетті балалардың қарт ата-аналар үшін жауапкершілігін күшейтуді ұсынып отыр.

Депутат Қылмыстық және отбасылық кодекстерге және "Мемлекеттік қызмет және муниципалдық қызмет туралы" заңға өзгерістер енгізуді ұсынды.

"Әлеуметтік мекемелердегі қарттардың саны артып келеді. Олар әртүрлі себептермен сонда қалады. Бірақ көбінесе оларды бұл жерге балалары әкеледі. Ата-анасын тастап кеткен азаматтарды жауапқа тарту үшін сот шешімі қажет. Бірақ іс жүзінде бірде-бір ата-ана баласына өтініш жазбайды. Бұл заң жобасы қабылданғанда азаматтар қарттар үйіне келген кезде мекеме басшылығы автоматты түрде құқық қорғау органдарына арыз жіберіп, іс сотта қаралатын болады", - деді ол.

Депутат ата-анасын қарттар үйіне қалдырған азамат жауапқа тартылса, айыппұлды 50-ден 100 мың сомға дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл норма Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 179-бабында "Балалардың ата-анасын асыраудан жалтаруы" деп көрсетілген.

Комитет мүшелері заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.