Қырғызстанда су тапшылығына байланысты моншалар, көлік жуу орындары мен бассейндер жабылып жатыр

0
474

Жан басына шаққанда пайдаланылатын су көлемі 170 литрден 410 литрге дейін өскен.


Қырғызстанда су тапшылығына байланысты моншалар, көлік жуу орындары мен бассейндер жабылып жатыр

ERNUR.KZ. Бішкек мэрі Жырғалбек Шамыралиев қаланы аралаған соң суды көп тұтынатын жекеменшік моншалап, көлік жуу орындары мен бассейндерді уақытша жабу туралы шешім қабылдады, деп жазады stan.kz.

Қырғызстан астанасының халқы су тапшылығына байланысты бірнеше мәселемен бетпе-бет келген. Су, әсіресе, жазда тапшы дейді. Жан басына шаққанда пайдаланылатын су көлемі 170 литрден 410 литрге дейін өскен.

Жергілікті билік мәліметінше су тұтыну көлемінің өсуіне ауыз суды негізсіз пайдаланып, бау-бақша пен жасыл желекті суару себеп болған. Сонымен қатар "Орто-Алыш" су жинағышында жерасты сулары 15-20 метрге төмендеген.