Қырғызстанда зейнетақы мөлшері екі есе өсті

0
449

Қырғызстанда 735 мың зейнеткер бар екенін атап өтті.


Қырғызстанда зейнетақы мөлшері екі есе өсті

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі зейнетақы мөлшері едәуір артқанын жариялады, деп жазады stan.kz.

1 қазаннан бастап қырғызстандықтардың зейнетақыларына орта есеппен 1700-ден 3400 сомға (шамамен 10-нан 20 мың теңгеге дейін) дейін үстеме қосылады. Бұл Қырғызтан үшін рекордты өсім болып отыр.

"Бұл қаражат қырғыз зейнеткерілері үшін мінсіз сома емес екен білеміз, бірақ бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай, азаматтарымыздың өмірін жақсарту үшін барлығын жасаймыз. Осыған дейін зейнетақы орта есеппен 200-300 сомға (1100-1700 теңге) артса, биыл рекордты өсім болмақ. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қырғызстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға және әл-ауқатын арттыруға бағытталады", - деп жазды Жапаров Facebook-те.

Сондай-ақ, ол Қырғызстанда 735 мың зейнеткер бар екенін атап өтті. Енді жыл сайын оларға зейнетақы төлеуге республикалық бюджеттен 70 миллиард емес, 90 миллиард сом бөлінеді.