Қырғызстанда журналисті балағаттаған шенеунік қызметінен босатылды

0
815

Тұрғындар арасында болған жанжалды зерттеуге барған журналистің түрін келеке еткен шенеунік қызметінен кетті.


Қырғызстанда журналисті балағаттаған шенеунік қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Туйгунаалы Абдраимовду үкіметтің Шу облысындағы өкілін қызметінен босатты, деп жазады qazaqtimes.com.

Осыған дейін Туйгунаалы Абдраимов Сокулук ауданы, Орок ауылындағы жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалды зерттеуге барған журналистердің бірінің түрін келеке еткені туралы видео тараған. Бұл қоғамды дүр сілкіндіріп, журналистер наразылығын туғызған.

6 маусымда бір топ журналист Шу облыстық әкімдігіне барып, Абдраимовтың өзінен түсініктеме беруін талап еткен. Онда үкімет өкілі журналистен кешірім сұрамаған.

Кейін қоғам белсенділері оның қызметінен кетуін талап етті.