Қырғызстанның Ұлттық банкі елден доллар шығаруға тыйым салды

0
916

Тыйым коммерциялық банктерге, айырбастау бюроларына, микроқаржы және микрокредиттік компанияларға қатысты.


Қырғызстанның Ұлттық банкі елден доллар шығаруға тыйым салды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда қолма-қол долларды елден тыс жерлерге шығаруға уақытша тыйым салынды, деп жазады Tengrinews.kz.

Тыйым коммерциялық банктерге, айырбастау бюроларына, микроқаржы және микрокредиттік компанияларға қатысты. Талап жеке тұлғаларға және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қолданылмайды.

Шешім Қырғызстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданғаны хабарланды. Қолма-қол ақшаны Қырғызстаннан тыс жерлерге шығаруға тыйым 2022 жылдың 11 наурызы сағат 17.30-дан бастап қолданысқа енді.