Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді

0
251

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.


Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. ТЖМ сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат таратты, деп жазады baq.kz.

ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен өткен тәулікте 2024 жылғы 30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді, оның 1-і Қазақстан аумағында 04 сағатт 27 мин. 36 сек. сезілді. Оның эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.

Жағдай тұрақты.

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.