Қытай пневмонияның жаңа түрін емдеудің әдісін ойлап тапты

0
673

Дәрігерлер ауыр халде жатқан 53 жастағы ер адамды аман алып қалды.


Қытай пневмонияның жаңа түрін емдеудің әдісін ойлап тапты

ERNUR.KZ. Қытай дәрігерлері пневмонияның 2019-nCoV коронавирусынан туындаған жаңа түрін емдеудің жолын тапты, деп хабарлады «Хабар 24».

Дәрігерлер коронавирусқа шалдығып ауыр халде жатқан 53 жастағы ер адамды аман алып қалды. Науқастың жағдайы қазіргі уақытта жақсарып келеді.

Аталған әдіс арқылы қан оттегімен қанықтырылады екен. Ол Ухань қаласында орналасқан Чжуннань ауруханасында сәтті қолданылды.

Дәрігерлердің айтуынша, көп ұзамай ер адам карантиннен босатылуы мүмкін.