Қытайда енді коронавирусқа қатысты тест нәтижесі талап етілмейді

0
457

Мұны осы елдің сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлап отыр.


Қытайда енді коронавирусқа қатысты тест нәтижесі талап етілмейді

ERNUR.KZ. Қытай ертеңнен бастап елге шетелден келетін жолаушылардан коронавирусқа қатысты тест нәтижесін талап етуді тоқтатады, деп жазады zakon.kz.

Мұны осы елдің сыртқы істер министрлігінің өкілі хабарлап отыр.

Қытай өзге мемлекеттерден оралған азаматтарынан мұндай құжат сұрауды қаңтарда доғарды.

Сол кезде Бейжің қытайлықтар баратын елдер тізімін кеңейтіп, халықаралық авиациялық рейстер санын арттырған.