Қытайда су тасқыны мен құрғақшылықтан азық-түлік жетіспей жатыр

0
1 579

2020 жылғы маусымнан бастап 2021 жылғы мамырға дейін - 12 ай бойы алты миллион бидай импорттайтынын хабарлады. Бұл соңғы жеті жылдағы ең ірі импорт болады. Қытай өнімді Франция, Ресей, Литва және Қазақстаннан алады.


Қытайда су тасқыны мен құрғақшылықтан азық-түлік жетіспей жатыр

ERNUR.KZ. Қытай билігі құрғақшылық, су тасқыны және жәндіктер егінді құртып жатқанын мәлімдеді. Салдарынан азық-түлік тапшы болып қалды, - деп жазады tengrinews.kz.

Порталдың хабарлауына қарағанда, Қытайда бидай мен жүгерінің көп бөлігі егілетін солтүстік-батыс және солтүстік-шығыста қатты құрғақшылық болған. Тіпті шөп және басқа дақылдар дұрыс өспегендіктен мал шаруашылығына да кері әсер еткен.

Қытайдың дән және май бойынша ұлттық ақпарат орталығы 2020 жылғы маусымнан бастап 2021 жылғы мамырға дейін - 12 ай бойы алты миллион бидай импорттайтынын хабарлады. Бұл соңғы жеті жылдағы ең ірі импорт болады. Қытай өнімді Франция, Ресей, Литва және Қазақстаннан алады.

Сондай-ақ маусымның басынан бері ҚХР оңтүстік және шығыс бөлігінде нөсер жауды.

13 провинцияда фермерлер күріш өсіреді. Бірақ бұл аудандардың бәрі су тасқынынан зардап шекті. Шаруалар күрішті жылына үш рет егеді: наурыздың соңында егіп, маусымның соңында жинайды, мамырдың басында еккенін қыркүйектің аяғында, ал маусымның соңында егіп, қазанның соңында жинайды. Маусым және шілдеде болған су тасқыны күріш өнімінің үш маусымына да кері әсер етті.

Youtube пайдаланушысы Қытайдағы аудандардың су тасқыны түсірілген видео жариялады.

Сондай-ақ шегіртке мен жапалақ егінді құртып жатыр. Егіншілер The Epoch Times басылымына биыл өнімнен құр қалатынын мәлімдеді.