Қытайдағы індеттен адамдар көшеде сұлап жатыр (видео)

0
1 422

Ухань қаласының көшелерінде ауру жұқтырған ер адамдар мен әйелдер ес-түссіз құлап жатыр.


Қытайдағы індеттен адамдар көшеде сұлап жатыр (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Ухань қаласында түсірілді деген қорқынышты бейнежазбалар тарай бастады. Онда көшеде адамдардың сұлап жатқаны көрсетілген, деп жазады nege.kz.

Бейнекадр авторлары коронавирус індетінің эпицентрінде қалған Ухань қаласының көшелерінде ауру жұқтырған ер адамдар мен әйелдер ес-түссіз құлап жатыр деп жазады. Қазір бұл қала Қытайдың тағы бірнеше қаласы секілді сыртқы әлемнен толық оқшауланған. Әзірге бұл бейнежазбаның қаншалықты шындыққа сай екені анықталмады. Ресми орындар бұл деректі әлі жоққа шығармады.