Қытайдағы жер сілкінісі: 9 кенші қаза тапты

0
1 028

Жер сілкінісі жексенбі күні шамамен сағат 20:00 кезінде Лунцзяпу ауданында болған.


Қытайдағы жер сілкінісі: 9 кенші қаза тапты

ERNUR.KZ. Қытайда Цзилинь провинциясының солтүстік шығысында болған 2,3 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан тоғыз кенші қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Агенттік мәліметінше, жер сілкінісі жексенбі күні шамамен сағат 20:00 кезінде Лунцзяпу ауданында болған. Дегенмен төтенше жағдай кезінде кеніште қанша адам болғаны айтылмай отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Шахтада жұмыс істеп жатқан барлық кеншілер жер бетіне шығарылды.

Билік оқиғаның себебін анықтауға кірісті.