Қытайлар Жапония АЭС-тің радиоактивті суын төге бастағаннан бері тұз қорын жинауға кірісті

0
817

Сатып алушылар ағызылған су теңіз суын ластап, тұз өндіруге әсер етеді деп алаңдайды.


Қытайлар Жапония АЭС-тің радиоактивті суын төге бастағаннан бері тұз қорын жинауға кірісті

ERNUR.KZ. Бейсенбі күні Қытайдың кейбір провинцияларындағы бөлшек сауда дүкендерінде тұз таусылды, өйткені Жапония бұзылған «Фукусима» атом электр станциясының тазартылған радиоактивті суын Тынық мұхитына ағызғаннан кейін тұтынушылар жаппай тұз сатып алуға кіріскен, деп жазады ҚазАқпарат.

Сатып алушылар ағызылған су теңіз суын ластап, тұз өндіруге әсер етеді деп алаңдайды. Бейжің муниципалды билігі қалада тұздың жеткілікті екенін айтып, тұрғындарды үрейленбеуге шақырды.

Қытайлық тұтынушылар 2011 жылы да жойқын жер сілкінісі мен цунами салдарынан атом электр станциясында болған ядролық апаттан кейін көп ұзамай тұз қорын жинай бастаған. Олар сонымен қатар йодталған тұз радиациядан қорғауға көмектеседі деп сенеді.
Бұған дейін 24 тамызда Жапония жергілікті балық аулау компаниялары мен көрші елдердің қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін деген қаупіне қарамастан, «Фукусима» атом электр станциясынан тазартылған радиоактивті суды Тынық мұхитына ағызуға кіріскені туралы хабарланған болатын.