Латвия Беларусьпен шекараны күзету үшін шұғыл мобилизация жариялады

0
578

Шекара қызметі ұлттық қарулы күштер мен мемлекеттік полициядан қосымша көмек сұраған.


Латвия Беларусьпен шекараны күзету үшін шұғыл мобилизация жариялады

ERNUR.KZ. Латвияның мемлекеттік шекара қызметі Беларусьпен шекараны күзету үшін шұғыл мобилизация жариялап, шекарашыларды демалыстан шақырып жатыр, деп жазады stan.kz.

Ведомствоның сайтында жарияланған мәліметке сәйкес мұндай шешім қабылдауға мемлекеттік шекарада гибридті қауіптің артуы себеп болған. Соңғы тәулікте 96 рет шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысыпты. Сонымен қатар Беларусь билігінің заңсыз мигранттар ағымының артуына деген қызығушылығы артқан.

"Қазіргі уақытта мемлекеттік шекара қызметінің лауазымды тұлғаларына жыл сайынғы демалыс беру тоқтатылды және демалыста болған шенділер кері қайтарылды", – делінген хабарламада.

Шекара қызметі ұлттық қарулы күштер мен мемлекеттік полициядан қосымша көмек сұраған.