Ливияда су тасқыны құрбандарының саны 3 мыңға жетті

0
640

Із-түзсіз жоғалғандар мыңдап саналады.


Ливияда су тасқыны құрбандарының саны 3 мыңға жетті

ERNUR.KZ. Ливияның солтүстік-шығыс аймақтарында жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 3 мыңға жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Al Hadath телеарнасы Ливияның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап мәлім етті.

«Қазіргі уақытта елдегі табиғи апаттан зардап шеккендердің саны 3 мыңға жетті, із-түзсіз жоғалғандар мыңдап саналады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ливияда «Дэниель» циклоны себеп болған су тасқыны 2800 адамның өмірін қиғанын хабарлаған болатынбыз.