Ливияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты

0
927

20 мың адам із-түзсіз жоғалып кеткен


Ливияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты

ERNUR.KZ. Ливияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 11,3 мыңға жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Associated Press ливиялық Қызыл Жарты Ай қоғамына сілтеме жасап хабарлады.

«Гуманитарлық ұйым тағы 20 мың адамның із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында екенін айтты. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Еске салайық, дүйсенбіге қараған түні Ливияның Дерна қаласында су тасқыны болды. Су тасқыны бүтін аудандарды шайып кеткен. Табиғат апатынан Дерна қаласы айрықша зардап шеккен. Биліктің мәліметінше, мұнда 6 мың адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Аса қайғылы оқиғаға байланысты Ливия премьер-министрі Абдель Хамид Дбейба үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.