​Май зауытының жұмысшыларына жалақы орнына жүзім берген

0
1 306

Бұған дейін жалақы орнына мұғалімдерге ауыл-шаруашылық тауарларын таратқан, оны жұмысшыларға базардағыдан қымбат бағаға өткізген.


​Май зауытының жұмысшыларына жалақы орнына жүзім берген

ERNUR.KZ. Өзбекстандағы "Гүлістан экстракт – Ёғ" кәсіпорынының жұмысшылары жалақы орнына 10 келі жүзім бергеніне шағымданды.

25 желтоқсанда "Гүлістан экстракт -Ёғ" кәсіпорыны жұмысшыларға жәшік жүзім тарата бастаған. Компания қызметкері жүзім ақшасын айлықтан ұстап қалатынын айтты.

"Бір жәшікте он келі жүзім бар. 70000 сумды ($8,4) айлықтан ұстап қалатынын ескертті. Мен ғана емес, көпшілігі бұған наразы болды. Жаңа жылда дастарханды қай ақшаға жаямыз?" - деді жұмысшы.

Жұмысшылар наразылығынан соң, кәсіпорын басшылығы шешімін өзгерткен.

"Жүзімді мерекеге сыйлық ретінде бергенін айтты. Ақпарат тарап кеткен соң, олар шешімін өзгерткен болуы керек", - деді кәсіпорын қызметкері.

Зауыт бухгалтериясының бір қызметкері жүзімді жұмысшыларға сыйлық ретінде таратқанын растады.

Бұған дейін Өзбекстанда жалақы орнына мұғалімдерге ауыл-шаруашылық тауарларын таратқан, оны жұмысшыларға базардағыдан қымбат бағаға өткізген.


Дереккөз:centralasian.org/a/