Майамиде 12 қабатты тұрғын үй құлады

0
379

Көше бойында ондаған өрт сөндіру және апатты-құтқару көліктері жұмыс істеп жатыр.


Майамиде 12 қабатты тұрғын үй құлады

ERNUR.KZ. Майами жағажайына жақын жердегі 8777 Collins Ave-де 100-ден астам пәтері бар 12 қабатты Champlain Towers тұрғын үйі құлады, деп жазады 24.kz.

Майами-Дейд өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, оқиға түнгі сағат екі шамасында болған. Оқиға орнына округтен және оған жақын орналасқан қалалардан ондаған құтқару бригадасы жеткен. 88-ші көше мен Коллинз мен Хардинг даңғылының аумағы жабылды.

Көше бойында ондаған өрт сөндіру және апатты-құтқару көліктері жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.