Марста топырақ астынан үлкен мұз табылды

0
590

Қызыл планетаның экваторлық белдеуінен мұз табылған.


Марста топырақ астынан үлкен мұз табылды

ERNUR.KZ. Еуропалық ғалымдар Марстағы жер асты шөгінділерінен үлкен мұзды анықтады, деп жазады stan.kz.

Қызыл планетаның экваторлық белдеуінен мұз табылған.

Мұз қабаты шамамен 300 метр тереңдікте орналасқан және тау жыныстары, шөгінділермен жабылған. Оның қалыңдығы – 4 километр. Сарапшылар бұл мұздың бүкіл планетаны тереңдігі үш метрге дейінгі мұхитпен қамтуға жеткілікті дейді.

Кейінгі үш миллиард жылда Марстағы лава ағынынан мұз пайда болған. Содан кейін ол жанартау күлінің қалың қабатымен жабылған.