"Мәскеу-Сити" ғимаратына тағы шабуыл жасалғаны хабарланды

0
287

Мәскеуге ұшпақ болған бірнеше ұшқышсыз ұшақты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген.


ERNUR.KZ. Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасына жаңа шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Собяниннің айтуынша, Мәскеуге ұшпақ болған бірнеше ұшқышсыз ұшақты әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген. Біреуі Сити мұнарасына дейін ұшып барған.

"21-қабат деңгейіндегі қасбет бұзылған. 150 шаршы метрдің шынылары сынған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр", - деп жазды қала әкімі.