Мәскеуде Ленин мавзолейін өртемек болған адам ұсталды

0
512

Ер адам Ленин мавзолейіне жақындап, ішінде жанғыш қоспасы бар бөтелкені лақтырды.


Мәскеуде Ленин мавзолейін өртемек болған адам ұсталды

ERNUR.KZ. Мәскеуде Ленин мавзолейін өртеуге әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиға кеше сағат 22:00 шамасында болды. Ер адам Ленин мавзолейіне жақындап, ішінде жанғыш қоспасы бар бөтелкені лақтырды. Өрт болған жоқ. Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыны тез арада ұстады», - деген агенттікке хабар беруші.

Оның айтуынша, ер адамға қатысты «полиция қызметкерінің заңды бұйрығына бағынбау» бабы бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ, «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетсек, кесенеге зақым келмеген.