Меккеде қажылықта жүрген төрт мыңнан астам адам ауруханаға түсті

0
460

Ел билігі он мыңдаған медицина қызметкерлерін қажылық орнына жіберді.


Меккеде қажылықта жүрген төрт мыңнан астам адам ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Меккеде қажылыққа барған төрт мыңнан астам адам аурухана түсті. Мамандар бұған аптап ыстықтың себеп болғанын айтады, деп жазады stan.kz.

Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі адамдардың аурухана түсуіне қатты аптап ыстықтың себеп болғанын мәлімдеді.

Қажылыққа барушылар қолшатырлардың көлеңкесіне тығылып, бөтелкелермен суға шайынып амал еткен. Әсіресе Арафат күні ауа райы ыстық болып, температура 45 градустан асып кеткен. Бұл күні қажылар жел де, көлеңке де жоқ Арафат тауында болған.

Ел билігі он мыңдаған медицина қызметкерлерін қажылық орнына жіберді.