Мексика шығанағында миллион галлон шикі мұнай ағып кетті

0
582

Қазір ағып кетудің себебі тергеу сатысында анықталып жатыр.


Мексика шығанағында миллион галлон шикі мұнай ағып кетті

ERNUR.KZ. АҚШ жағалау күзеті Мексика шығанағындағы Луизиана жағалауынан миллион галлоннан астам шикі мұнай ағып кетуі мүмкін суасты құбырын іздеуді жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

108 шақырым құбырды бейсенбі күні таңертең Миссисипи жағалауынан Жаңа Орлеанның оңтүстік-шығысына қарай 31 км жерде шикі мұнай табылғаннан кейін Main pass Oil Gathering Co (MPOG) компаниясы жауып тастады.

Бастапқыда инженерлер 1,1 млн галлон мұнай ағып кетуі ықтимал деп болжады.

Қазіргі таңда жағалау күзеті зардап шеккендер туралы хабарланбағанын және ағып кету себебі тергеу сатысында екенін мәлімдеді.