Мексикада түсік жасату енді қылмыс болып саналмайды

0
436

Соттың жаңа үкімі бойынша барлық 32 штатта түсік жасатуға рұқсат етіледі.


Мексикада түсік жасату енді қылмыс болып саналмайды

ERNUR.KZ. Мексиканың Жоғарғы cоты түсік жасатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастады. Жүктілікті тоқтатқан әйелді қылмыстық жазаға тарту конституцияға қайшы деп танылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Соттың жаңа үкімі бойынша барлық 32 штатта түсік жасатуға рұқсат етіледі.

«Зорланған жағдайда, бірде-бір қызды ана болуға мәжбүрлеуге болмайды — мемлекет те, оның ата-анасы да, қамқоршылары да», - деді Жоғарғы соттың басшысы Артуро Сальдивар.

Бұл шешім Мексикадағы консервативті саясаткерлер мен католиктердің ашуын тудыруы мүмкін. Католиктердің саны бойынша Мексика Латын Америкасындағы екінші мемлекет.

Алайда соңғы жылдары шіркеудің ықпалы төмендеп, ел өзін зайырлы мемлекет ретінде танытуда.

Бүгінгі таңда Латын Америкасында түсік жасату Колумбия, Куба, Уругвай және Аргентинада заңды саналады.

Кейбір елдерде түсік жасатуға зорлау немесе денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайларда рұқсат етіледі, ал Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Гаити және Доминикан Республикасында абортқа толық тыйым салынған.