Мектеп оқушылары ереуілге шықты

0
615

Олар жергілікті биліктен ауа ластануын тоқтату үшін тиісті шараларды қолға алуды талап етті.


Мектеп оқушылары ереуілге шықты

ERNUR.KZ. Үндістанда мектеп оқушылары мен студенттер экологияның ластануына қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналғандар жергілікті биліктен ауа ластануын тоқтату үшін тиісті шараларды қолға алуды талап етті. Наразы халық елде ағаш отырғызып, көшедегі көлік қатынасын тежеуді ұсынады.

Айта кетейік, қазір Дели қаласында ауа ластануының деңгейі рекордтық көрсеткішке дейін жетіп, адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Шаһарда бетпердесіз жүру мүмкін емес. Ал аймаққа ағылған туристер кері қайтуға асық.