Мектеп оқушылары отырған автобус құздан құлап кетті

0
2 658

27 адам қаза тапты.


Мектеп оқушылары отырған автобус құздан құлап кетті

ERNUR.KZ. Индонезияда мектеп оқушылары отырған автобус құздан құлап кетті. Кемінде 27 адам қаза тапқан, деп жазады tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 11 наурызға қараған түні Ява аралында болған. Автобуста оқушылар мен ата-аналар отырған, олар экскурсиядан келе жатқан. Жалпы 66 адам болған. 27 адам қаза тапқан.

Жәбірленушілер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болғандар туралы ақпарат белгісіз. Тек оқушылар ислам мектебінде оқығаны белгілі.

Reuters порталы оқиға орнынан суреттер жариялады.