Мелания Трамп Сайрагүл Сауытбайға сыйлық табыстады (видео)

0
841

Іс-шараға АҚШ бас хатшысы Майк Помпео қатысты.


Мелания Трамп Сайрагүл Сауытбайға сыйлық табыстады (видео)

ERNUR.KZ. АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға "Батыр әйел" cыйлығын табыстады, деп жазады Tengrinews.kz.

Сыйлықты табыстау рәсімі АҚШ астанасы Вашингтонде International Women of Courage Award салтанатты іс-шарасы аясында өтті. Биыл бұл іс-шараға АҚШ бас хатшысы Майк Помпео қатысты.


Еске салайық, 2018 жылы 1 тамызда Жаркент қаласында Қытайдан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай ісі бойынша шешім қабылданған болатын. Ол Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткеніне кінәлі деп танылған еді. Сол кезде Сайрагүл Сауытбай алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын. Сот оған Қазақстаннан шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындамауды шешті. Сайрагүл Сауытбайды сот залынан босатты.