"Mercedes" тыныс алу аппараттарын жасап шығарды

0
692

Қазір 40 аппарат Лондонағы бірнеше ауруханаға берілген.


ERNUR.KZ. «Формула-1» жарысының «Mercedes» тобының инженерлері және британдық мамандар мен дәрігерлер коронавирусты жұқтырған науқастарға арналған тыныс алу аппаратын жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін бір аптадан аз уақыт кеткен екен. Қазір 40 аппарат Лондонағы бірнеше ауруханаға берілген. Егер олар өз тиімділігін көрсетсе, «Формула-1» жарысына қатысатын көліктердің қозғалтқышын өндіретін «Mercedes» командасы күніне мұндай құрылғының мың данасын жасап шығарамыз деп отыр. Негізі осындай аппараттар қазір Қытай мен Италия ауруханаларында кеңінен қолданылып келеді. Коронавирс өршіп тұрған АҚШ билігі де автоөндірушілермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Дональд Трамп «General Motor» корпорациясы мен «Ford» компаниясына қайта бейінделіп, өкпені жасанды желдету аппараттарының өндірісін бастауға бұйрық берді.

– Әдетте медициналық құрылғыны жасап шығаруға жылдар кетеді. Ал біз бірнеше күнде-ақ осындай жетістікке жеттік. Өйткені біз қазір кеңінен қолданылып жүрген өкпені жасанды желдету аппаратын негізге ала отырып, түрлендіріп, оны жаппай өндіріске бейімдедік, - дейді профессор Ребекка Шипли.