Метро маңында екі рет жарылыс болды

0
1 063

​Киевте "Лесная" метро стансасының маңында екі жарылыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ dtp.kiev.ua порталының Facebook-тегі парақшасындағы дерекке сілтеме жасап.


Метро маңында екі рет жарылыс болды

Киевте "Лесная" метро стансасының маңында екі жарылыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ dtp.kiev.ua порталы өзінің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Кем дегенде бір адам зардап шекті. Жарықшақтан жарақаттанған азамат ауруханаға жеткізілді.

"Екі граната жарылған, Toyota көлігі өртеніп кетті. Екі күдікті Броварской даңғылымен із суытты. Киев пен облыс аумағында «Тосқауыл» шарасы жарияланды. Зардап шеккендердің нақты саны қазіргі уақытта белгісіз» , — делінген хабарламада.

Басылым дерегі бойынша, граната Броварской даңғылында белгісіз адамдар арасындағы қақтығыс кезінде жарылған. Оқиға орнында Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі мен криминалистер жұмыс істеп жүр.