Моңғолия астанасында 60 тонна газ тиелген жүк көлігі жарылды

0
560

Зардап шеккендер бар.


Моңғолия астанасында 60 тонна газ тиелген жүк көлігі жарылды

ERNUR.KZ. Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда 60 тонна газ тиелген жүк көлігі жарылып, алапат өрт болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Ұлан-Батордағы "Дүнжингарав" ірі базарының маңында 60 тонна газ тиелген жүк көлігінің жарылуы салдарынан өрт шықты", - деп хабарлайды портал.

Оқиға орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, қираудың нақты ауқымы мен зардап шеккендердің саны әлі белгісіз.

Алдын ала бейресми деректер бойынша алты адам қаза тауып, оннан астамы ауруханаларға жеткізілген. 20-дан астам көлік өртеніп кетті.