​Моңғолия президенті 2 мыңнан астам оқушымен бірге өлең оқыды

0
1 092

Моңғолияда бұл шара дәстүрлі болып табылады.


​Моңғолия президенті 2 мыңнан астам оқушымен бірге өлең оқыды

ERNUR.KZ. Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга ашық алаңда сап түзеген 2222 оқушымен бірге мәнерлеп өлең оқыды, деп жазады ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Шара Сухбаатара алаңында өтті. Онда Моңғолия басшысы бірдей киім киінген 2222 баланың ортасында тұрып, аталмыш елдің Еңбек Ері, қаламгер Дэндэвийн Пурэвдоржаның «Тәуелсіздік» туындысын оқыды.

«Тәуелсіздік» өлеңін ұлт мақтанышы етіп жариялау мақсатын тұтқан іс-шара, жастарға патриоттық сезім және тәуелсіздік түсініктерін ұғындыруға үлкен септігін тигізеді», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Моңғолияда бұл шара дәстүрлі болып табылады.