Мұғалімдерге қар тазалатқан білім бөлімінің басшысы қызметінен қуылды

0
1 050

Тексерістен кейін білім бөлімінің басшысы мен аталған мектептің директорына сөгіс жарияланды.


Мұғалімдерге қар тазалатқан білім бөлімінің басшысы қызметінен қуылды

ERNUR.KZ. Саратов қаласында Октябрь ауданы білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды, деп жазады baq.kz.

Басшы аязды күні аула сыпырушыларға көмектесу үшін қаладағы №95 мектептің ұстаздарын жіберген. Тексерістен кейін білім бөлімінің басшысы мен аталған мектептің директорына сөгіс жарияланды.

Осыған дейін Саратов мэриясы 24-қаңтар күні сенбілік аясында. №95 мектептің ұстаздары қар тазалағанын жариялаған.

Шаһар билігі ауа райының қолайсыздығынан жергілікті білім ордаларында сабақ болмайтынына қарамастан мұғалімдер жұмыс істей беретінін мәлімдеген.

«Комсомольская правда» басылымының хабарлауынша, 24-қаңтарда Саратов қаласында қалың қар жауып, аула сыпырушылар оны тазалап үлгермеген. Кейін қалалық білім басқармасы мектеп аумағындағы қарды мұғалімдер тазалайды деп шешім шығарған.