​Мыңнан астам адам қоғамдық көлікке жалаңбұт мінді (видео+фото)

0
2 595

Бұл акцияның мақсаты жоқ. Тек күлу, өздерін көрсету және басқаларға қарау...


​Мыңнан астам адам қоғамдық көлікке жалаңбұт мінді (видео+фото)

ERNUR.KZ. 13 қаңтарда әлем бойынша бір күн бойы қоғамдық көлікке «жалаңбұт» міну флешмобы өтті, деп жазады nteresnovsem.info.



2002 жылы ойлап табылған «метроға – жалаңбұт (шалбарсыз)» әзілді флешмоб қазір әлем елдерінен қолдау тауып отыр. Ережесі сол – аталған күні қатысушылар өздерінің күнделікті жүретін қоғамдық көліктеріне шалбарсыз (ішкиіммен) мініп, бірақ өздерін толықтай киінген секілді ұстайды. Бейне бір шалбарын немесе белдемшесін киюді ұмытып кеткендей жүруі тиіс. Тағы бір ережесі: мүмкіндігінше ешкімге таңқалмау.

Әлбетте, мұндай сәтті фотографтар құры жібермек емес. Түрлі елдердің метролары мен қоғамдық көліктерінен әлеуметтік желіні осынау фото-суреттер толтыруда.


Таңқаларлығы, полицейлер де бұл акцияға қырын қарап жүрген жоқ. «Жалаңбұт» жүргендерді көшеде ешкім де тоқтатпайды және саусақ шошайтқандардың да қарасы байқалмайтын көрінеді.

Ең алғаш рет 2002 жылы осы флешмобты бастағандар метроға 7 адам болып кірген екен. Биылғы жылы 13 қаңтарда тек Нью-Йорктің өзінде акцияға мыңнан астам адам қатысқан.