"Нағыз уақыт капсуласы": АҚШ-тағы мектептен 63 жыл бұрын жоғалған сөмке табылды

0
1 370

Сөмке жөндеу жұмыстары кезінде шкаф пен қабырға арасынан табылды.


ERNUR.KZ. Огайо штатындағы мектепте жөндеу жұмыстары кезінде өткен ғасырдың 50-жылдары жоғалған бір мұғалімнің сөмкесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөмке осыдан 63 жыл бұрын жоғалған. Ол жөндеу жұмыстары кезінде шкаф пен қабырға арасынан табылды, деп жазды ABC News.


Ішінде сол кездегі фотосуреттер, кітапхана картасы, монеталар, күнтізбелер, зергерлік бұйымдар, тарақ, қарындаштар т.б. заттар болған.

Сөмкенің иесі Патти Румфол екені белгілі болды. Ол 2013 жылы 72 жасында қайтыс болды. Патти өмір бойы мұғалім болып жұмыс істегені анықталды.

Паттидің отбасы оның көне заттарын көріп қатты қуанды.